Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жаңа жыл «Жүректен-жүрекке»

Жаңа жыл - бұл ғажайып пен асыл армандарды жүзеге асыру уақыты. Жаңа жылдық мерекелерді, онымен байланысты барлық қуаныш пен ғажайыпқа бөленуді кім асыға күтеді?, Дұрыс, балалар! Сондықтанда балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар кез-келген балаға, оның жынысына және жасына қарамастан, әсіресе, ата-аналары қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың шынайы қуануына ықпал етеді. 

2019 оқу жылында Өскемен қаласы әкімдігінің «№8 орта мектебі» КММ аз қамтылған отбасынан шыққан 112 оқушы жаңажылға сыйлықтар алды. Мектептің Қамқоршылық кеңесі облыс әкіміне, қала әкіміне, облыстық және қалалық білім басқармасы мен білім бөліміне, «NurOtan» партиясына, №8 ЖӨБК төрағасы Шаиргазин Рустам Аскаровичке балаларға сыйлаған зор қуаныш үшін шын жүректен алғыс білдіреді. 

Осы жылы 2 «К» сынып оқушылары республиканың меценаттары өткізген «Аяз Атаға хат» қайырымдылық акциясына қатысты. Хаттарда балалар өздерінің асыл тілектерін жазып, радиомен басқарылатын машина, робот, шахмат, ақ аю және планшет, қуыршақ үйі бар қуыршақ алғылары келетіні туралы өз армандарын жазған. Тілектері орындалған балалардың қуаныштарында шек болмады!

Мектеп медицина колледжімен, жеке кәсіпкерлер «Appetitе» дәмханасының директоры Тулебаев Аслан Кабылгазовичпен, Беркман Татьяна Ираченкомен, Джумабаева Татьяна Владимировнамен, «Душа добра» ә/ф директоры Ляховская Ирина Владиславовнамен бірінші жыл ғана ынтымақтастық етіп отырған жоқ, «Жүректен жүрекке» олар жылулық сезімімен бөлісіп және мерекелік атмосфераны құруға көмек беріп келеді.

Мейірімді адамдардың арқасында аз қамтылған балаларға арналған жаңа жылдық мереке өте қызықты тартымды өтті, балаларға қатты ұнады.