Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың Алдын алу 

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Өскемен қаласы әкімдігінің «№8 орта мектебі» КММ базасында ата – аналар қоғамдастығының, мектеп оқушыларының, Полиция басқармасының өкілдерімен бірлескен кездесуі өтті.  Өскемен қалалық полиция Басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Турысбеков Галымбек Канатович, ПБ ЖПҚ бастығы полиция подполковнигі Омаров Бауыржан Сакенович, ПБ ҮПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Турындыков Жанарбек Иманханович оқушыларға қылмыстық және азаматтық құқық негіздері, снюсті қолданудың салдары туралы түсінікті түрде айтып жеткізді, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес мүшелері атынан полиция қызметкерлеріне өткізілген кездесу үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз және оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әрі қарай да бірлескен жемісті жұмыс атқарамыз деп үміттенеміз.