Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беруде заманауи технологияларды тиімді пайдалану»

4 желтоқсан 2019 жылы  Өскемен қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақшасында  Қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен  мұғалім-логопед мамандарға арналған  «Мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беруде заманауи технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Бұл өткізілген семинардың басты мақсаты: «Мектеп жасына дейінгі балаларды инклюзивті білім беруде  заманауи технологияларды қолдана отырып тәрбиеленушілердің танымдық қабілеттерін арттыру»болды. «Алтын дән» балабақшасының педагогтары бес  топта жаңа заманауи технологияларды қолданып, инклюзивті білім берудегі іс-тәжірибелерімен алмасты.

Қалалалық семинарға келген мамандар іс-тәжірибе алмасып,өз ұсыныстары мен ой пікірлерімен бөлісті.