Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне арналған «Тәні саудың - жаны сау» атты спорттық жарыс

Біздің мектепте салауатты өмір салты  белсенді түрде  насихатталады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мемлекеттік мереке қарсаңында  мектебімізде  2019 жылдың 30 қарашасы  күні  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысына арналған  денешынықтыру  сабағынан  тестілеу бойынша жарысы  өтті.

Жарысқа 1-4 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Әр сыныптың лайықты, мықты тобы болды және  топтың өте белсенді жанкүйерлері болды. Оқушылардың ата-аналары  балаларымен бірге  жоғары  белсенділікпен  көңілді спорттық жарысына қатысты. Үлкен  спорттық құмарлықпен қатысушылар, жанкүйерлер қамтылды. Спортзал толығымен  жарыстың рухына толы болды.

Бұл күні жеңілген топтар болмады, өйткені барлық қатысушылар өздеріне оңтайлы сезімдерге,  жаңа достарға, салауатты өмірлік ұстанымдарына ие болды.