Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне арналған мерекелік іс – шара есебі

2019 жылы 29 қараша күні сағат 9.30-да №8  «Мирас» балабақша-бөбекжайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне  арналған «Сүйікті туған өлкем!» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Іс-шараға ересек  және мектеп алды даярлық топтарының балалары мен балабақша педагогтары қатысты.

Сайыс саяхат түрінде жүргізілді, саяхат барысында Тұңғыш Президенттің өміріндегі қызықты оқиғалар туралы айтылды. Мерекеде Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды, қазақ және орыс тілінде мәнерлеп өлеңдер оқылды. Мерекенің  соңында қатысушылар «Жаса, Қазақстан» әнін орындалды.

Мереке жоғары дәрежеде және көтеріңкі көңіл күйде, ұлттық етжандылықта, адамгершілік бағытта өтті. Балалар өз жұмыстарына қанағаттанарлық әсерде болды, жеткен жетістіктерін қайталауға, жақындарына әр дайым көмекке келуге және достық қарым қатынасқа үйренді.