Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Биыл еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен  «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай атамыздың рухани мұрасын жаңғырту мәселесі қолға алынып, әр түрлі іс-шаралар Республика көлемінде аталып өтілуде. Сондай іс-шаралардың бірі 26.11.2019 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің №11 «Айгөлек» балабақша бөбекжайында  «Абай Құнанбаевтың шығармашылығы және әдеби мұрасы» атты қалалық семинарда қолдау тапты. Мерекелік  іс-шаралар барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері көрсетіліп, соңында «Малышок» балалар театрының орындауында «Абай өмірі мен шығармашылығы» жайлы қойылым көрсетілді.  Кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерінің  рөлдерін жүректерімен қабылдай отырып, сол дәуірдің келбетін шеберлікпен жеткізе алды.

Ұлы тұлғаның ой толғамдарын кеңінен дәріптеу мақсатында  өткізген шарамыз арқылы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтың бір бөлшегі балаларымыздың жүрегінде мәңгі қалды.