Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ Бірінші Президентке арналған бірыңғай сынып сағаттарын өткізілгені туралы ақпарат 2019-2020 оқу жылы
2019 жылы 29 қарашада Өскемен қаласы әкімдігінің "№15 орта мектебі" КММ-де Бірінші Президентке арналған бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараны өткізудің мақсаты – оқушыларда ұлтжандылық, ұлттық патриотизм, ұлтаралық, достық оқушылардың бойында «көшбасшы», көшбасшылық қасиетке баулу.
1-11 сыныптарда бұл күні үшінші сабақта «Қазіргі Қазақстан. Көшбасшы Елбасы сабақтары» атты сынып сағаттары өткізілді. Оқушылармен «көшбасшы», «көшбасшылық» ұғымдар туралы диспут, әңгімелер өткізілді.
Педагогикалық еңбек ардагері Карасаев Зеренхан Карасайұлы 5-ші сыныптарға қонақ ретінде шақырылып, өз еңбек жолы туралы әңгімелеп берді.
Бұл іс-шара көшбасшылық туралы, ұжымда көшбасшылықты қалай дамытуға болатынын туралы және ұжымдық қарым-қатынасты орнату туралы танымдарын кеңейтуге үлес қосты.