Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жас педагогтарға арналған «Тарих пәні мұғалімдерінің шығармашылық шеберханасында» атты семинар

2019 жылдың 6 қарашасында Өскемен қаласы әкімдігінің «№8 орта мектеп» КММ базасында тарих пәнінің жас мұғалімдеріне арналған оқытып-үйрету семинары өткізілді. Қоғамдық тәртіп әдіскері Л.М. Мадиярова өзінің алғы сөзінде жас мамандармен жұмыс ҚалББ әдістемелік жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Жас мамандардың өз кәсібіне табысты бейімделіп кетуі үшін «Жас педагог мектебі» жұмыс жоспары әзірленген.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Баян Маратовна Сейлгазина «Тәлімгерлік жас педагогтардың кәсібилігін арттыру нысаны ретінде» атты тақырыппен сөз алды, тәлімгерліктің ролі және мектепте жүргізілген жұмыстар туралы әңгімеледі.
№23 ОМ тарих пәнінің мұғалімі, МӘБ басшысы - Бахыт Тулеукановна Симбаева мектеп әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы айтып берді.
№7 ОМ тарих пәнінің мұғалімі және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Айжан Турсунгалиевна Маутканова жас педагогтармен мектепте дарынды балалармен жұмыс ұйымдастыру жөнінде жұмыс жүргізді.
Дөңгелек үстелде жас мұғалімдер мектептегі өз қиыншылықтарымен және алғашқы жетістіктерімен бөлісті, оларға құжаттарды сауатты жүргізу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ұсыныстар берілді.
Іс-шара рефлексиясы өз кәсіби сапаларын жетілдіру үшін жағдай жасағандары үшін разы болған жаңа бастап жүрген педагогтарға пайдалы болғанын көрсетті, сондай-ақ олар өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын екендіктерін танытты.