Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Химия пәні мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша семинар-практикум

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2019 жылы 7 қарашада М. Әуезов атындағы № 17 орта мектепте "Химия сабақтарында критериалды бағалау жүйесін іске асыру" тақырыбында семинар – практикум өтті. Іс-шараға қала мектептерінің 47 химия пәні мұғалімі қатысты.
Білім бөлімінің әдіскері Н. Капчикова қатысушыларды семинардың мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. Өз тәжірибелерімен химия мұғалімдері Е.Тарасенко (М. Әуезов атындағы №17 ОМ), А. Закариянова (№47 ОМ), О. Гурьянова (№34 МЛ), Р. Жайлаубаева (№44 лицей) бөлісті.
Семинарда бағалау құралдарын әзірлеу және сараптау бойынша негізгі мәселелер қаралды. Модераторлар бағалау барысында қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипаттамаларын көрсетті. Бағалау үшін жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейімен салыстыру мысалдары, жабық және ашық түрдегі тапсырмалар түрлері қарастырылды.
Семинар жақсы әдістемелік деңгейде өткізілді, қатысушылардың оң бағасын алды.