Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Инклюзивтік білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастырудың жаңа үлгідегі технологиялары»

Өскемен қаласы әкімдігінің «№19 қосымша білім беру мектеп-орталығында» инклюзивті білім беру бойынша семинар өтті. Семинар қатысушылары қала мектептері директорларының ОІ жөніндегі орынбасарлары, психологтар, сынып жетекшілері, ЕДШ мұғалімдері болды.

Семинар мақсаты – жалпы білім беру мектептерінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу үшін педагогтардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін қалыптастыру.

Семинарда мектептің инклюзивті білім беруді енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ көзі көрмейтін және нашар көретін балалармен жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Семинардың теориялық бөлігінде тыңдаушыларды ЕБҚ бар балаларға арналған коррекциялық жұмыс жүйесімен таныстырды, атап айтқанда: 

- әлеуметтік педагог Е.Я. Бисерова мектепте инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың үлгісін ұсынды;

- директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Т.В. Захарова ҚТАБ (қимыл-тірек аппараты бұзылған) оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері есебімен оқу процесін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.  

- директордың қосымша білім беру жөніндегі орынбасары В.В. Кравченко «Мектепте қосымша білім беру жүйесі арқылы ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы» баяндады.

Семинардың практикалық бөлігінде мектеп педагогтары коррекциялық жұмыс формалары мен әдістерінің мүмкіндіктерін, балалармен жеке жұмыс істеудің артықшылықтарын көрсетті.