Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» атты іс-шаралардың өтуі туралы ақпарат 2019-2020 оқу жылы

2019 жылы 6 қарашада Өскемен қаласы әкімдігінің "№15 орта мектебі" КММ-де парасаттылық және академиялық адалдық мәселелеріне арналған жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" аясында сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпаққа адалдық, парасаттылық, әділеттілік, сенім құндылықтарын сіңіру.

1-10 сыныптарда бұл күні үшінші сабақта парасаттылық пен адалдық туралы сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар ойын түрінде, әңгімелесу түрінде, диспут түрінде "адалдық", "өтірік", "әділдік", "шынайылық" ұғымдарының мәнін ашып, әр түрлі өмірлік жағдайларда адамдардың мінез-құлқын объективті бағалай білуді үйренді.

Тарих мұғалімдері А. М. Шалаханова мен Н. Г. Слатина 11-сынып оқушылары үшін іс-шара өткізді, оған ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің аса маңызды істер жөнінде офицері Аскар Арыстан Аскарович және «Шығыс Адалдық алаңы» жоба кеңсесінің менеджері Саримов Данияр Рысбекович шақырылды.

Іс-шарада бейнематериалдар көрсетіліп, 11 сынып оқушылары арасында өткізілген сауалнамаға талдау жасалды. Балалар сыбайлас жемқорлық тарихынан, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдері, сыбайлас жемқорлықпен күрестің әлемдік тәжірибесі туралы шағын хабарламалар дайындады.

Іс-шара қонақтары қоғамдағы құрметті және табысты адам болу туралы айтып, білім алушыларға белсенді өмірлік ұстанымды қалай жасау керектігі туралы ұсыныстар берді. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке шақырды.

Бұл іс-шара оқушыларға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық түрлері мен жазалау шаралары туралы, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі туралы түсініктерді кеңейтуге мүмкіндік берді.