Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Күзгі каникул – 2019 Оқушылар шығармашылық сарайында!

Күзгі каникул кезінде Шығармашылық сарайы оқушыларға арнап әр түрлі жастағы балалардың қызығушылығына сәйкес мазмұнды бағдарлама әзірледі.

Каникул Сарайдың барлық бағытындағы үйренушілеріне арналған музыкалық интерактивті «Фанат» ойынынан басталды. Бес шығармашылық команда заманауи музыка жөніндегі білімдерін сарапқа салды. Тапсырмалар жасөспірімдердің музыкалық әуестіктерін есепке ала отырып таңдап алынды,  соңында әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы құрама ойында жеңіске жетті.

Каникул бойы Сарайда «Рухани жаңғыру» тәрбиелеу-білім беру орталығында дайындалған 4-7 сынып оқушылары үшін «Ою ойғанның ойы ұшқыр» мастер-кластары өткізілді. Оқушылар ою-өрнектердің түрлерімен және оның практикалық қолданылуымен танысты, оюлардың пішімдері мен композициялық құрылымының принциптерін зерттеді, алған білімдерін қолдана отырып құмыраға өрнек салды.

Жоғары сынып оқушылары үшін логикалық ойлау және сендіру шеберлігі дағдылары қолданылған «Мафия» ойындар сериясы болып өтті. Балалар шытырман оқиғаға бойлай еніп, қитұрқы сюжеттің шешімін табуға асқан қызығушылық танытты.   

«Тіл – достық көпірі» атты интерактивті танымдық ойын 1-4 сынып оқушылары үшін қазақ, ағылшын және орыс тілдері бойынша білімдерін көрсетуге мүмкіндік берді.

«Ел ертеңі жас ұлан» атты дәстүрлі 3 күндік «Жас Ұлан» мектебі өткен каникулдың ең маңызды іс-шарасы болды. Оған түрлі тренингтер, қызықты жаттығулар, іскер ойындар, пікірталастар, мастер-кластар енгізілді. Мектепке 360 жеткіншек жасұланшы қатысты.

Күзгі каникул уақытында Оқушылар шығармашылық сарайында қауіп-қатер тобынан 99 адамды қосқанда, 925 адам қатысқан барлығы 18 іс-шара өткізілді.