Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

11-сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік талқылау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жол картасына сәйкес Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 39 орта мектебі" КММ базасында 31 қазан -1 қараша күндері 11-сыныпқа арналған оқулықтар жобаларын талқылау бойынша пән мұғалімдерінің қатысуымен өңірлік семинар өткізілді. Семинардың ұйымдастырушылары - "Оқулық" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы. Семинарға 470 адам қатысты. Оқулықтардың авторлары семинарға қатысушыларды оқулықтардың тұжырымдамасымен, құрылымымен және мазмұнымен таныстырды, сұрақтарға жауап берді. Мұғалімдер оқулықтардың мазмұнын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын енгізді. Барлық ескертулер мен ұсыныстар авторлар мен баспалардың өкілдері назарына алынды. Семинар конструктивті түрде өтті.