Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Ел ертеңі жас ұлан» 3 күндік «Жас Ұлан» мектебі» жайлы хабарлама

Тұлғаның қоғамдық өмірдің түрлі саласында жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында 2019 жылдың 29-31 қазан аралығында Оқушылар шығармашылық сарайында «Ел ертеңі жас ұлан» атты дәстүрлі 3 күндік «Жас Ұлан» мектебі болып өтті. «Жас Ұлан» мектебінің жұмысы күзгі каникул мезгілінде ұйымдастырылды.

Үйренушілер үшін профиАрт (кәсіпті таңдау), шешендік өнер, көшбасшы және оның командасы, шаштараз өнері, КТК бағыттары бойынша түрлі тренингтер, қызықты жаттығулар, іскер ойындар, пікірталастар, мастер-кластар енгізілген сабақтар бағдарламасы құрылды. Барлық модулдер жасұланшылардың ары қарайғы жұмысына қажетті жаңа білімді алуға, оқушыларға жетістікке жетуге мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыруға бағытталды.

Өскемен қаласы мектептерінің ұйымдары  мен өзін-өзі басқару комитеттерінің, балалар және жастар бірлестіктерінің көшбасшылары 3 күндік «Жас Ұлан» мектебіне қатысты. Үш күн ішінде 5-7 сыныптардан құралған қатысушылардың жалпы саны 360 оқушыға жетті.

- Өте керемет әсер, ғажап эмоция алдық! Үш күн көзді ашып-жұмғанша өте шықты, - деп «Оптимисты» отрядының балалары өз әсерлерімен жарыса бөлісті. Жаңа ойлармен, идеялармен қанаттанған біз оқу тоқсанында құстай самғап ұшуға дайынбыз, келесі 3 күндік «Жас Ұлан» мектебін тағатсыздана күтетін боламыз!

«Ел ертеңі жас ұлан» «Жас Ұлан» мектебінің жұмысында жаттықтырушылар ретінде қала мектептерінің ұйымдастырушы педагогтары мен аға тәлімгерлері және «Жас Ұлан» ББЖҰ ҚБ қалалық комитетінің шығармашылық тобы қатысты.

3 күндік «Жас Ұлан» мектебінің соңғы күнінде «Ертегіде қонақта» атты қызықты ойын, «Dance Battle» би байқауы өткізілді. Сонымен қатар балалар сахнада «Даңқты сәт» тақырыбындағы шығармашылық тапсырмаларын көрсетті.  

«Жас Ұлан» мектебі қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттарды табыстаумен аяқталды.