Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ комитетінің «Біз бірге - мықтымыз» VII Қалалық слеті туралы баспасөз хабарламасы

Өскемен қаласының «Жас Ұлан» Республикалық бірегей балалар-жасөспірімдер ұйымы Комитетінің өкілдері түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары болып табылады.

Жасұландықтар жыл сайын түрлі бағытта шаралар жүргізіп тұрады: сайлау Штаб, конференциялар, дөңгелек столдар, салтанатты арнаулар,  фестивальдар, акциялар, жобалар, байқаулар және оқыту курстары, осы ұйымда 7 бағыт бойынша Көшбасшылар мектебі бар. 

«Жас Ұлан» Республикалық бірегей балалар-жасөспірімдер ұйымын ұйымдастыру аясында инновациялық қызметін қолдау мақсатында 2019 жылдың 16 мамырында «Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ комитетінің «Біз бірге – мықтымыз!»  қорытындылау VII қалалық мерейлі слеті болып өтті, онда Комитет атқарған жұмысы қорытындыланып, мектеп комитеттері қызметінің қорытындысы шығарылды. 

Слетте құрметті қонақтар ретінде «Нұр Отан» партиясының Өскемен филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты  М.Ш.Екібасова,  «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанатының Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Бақыт Маржан, «Қазақстанның жалпұлттық қозғалысы -  2050» бағдарламасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша үйлестірушісі, қалалық мәслихат депутаты Ю.В.Миронова, А.С.Пушкина  атты кітапхана жобаларының жетекшісі Алханова Раушан Апсеитовна, педагогикалық еңбектің ардагерлері қатысты.    

«Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ қалалық комитетінің жұмысын қорытындылай келе жүлделі орындар анықталды. Мектеп комитеттері арасында жүргізілген рейтинге сәйкес, 1 орынды - №47 жалпы білім беру мектебінің комиттеті иеленді, 2 орынды - №46 және 18 орта мектептерінің комитеттері иеленді, 3 орын –МСШ, №27 және 45 орта мектептерінің комитеттері иеленді.    

Тәлімгерлер мен педагог-ұйымдастырушылар арасында жүргізілген рейтинг нәтижесінде 1 орын - №17 орта мектебінен Р.Ж.Исраилов, 2 орын - № 30 мектеп-лицейінен Н.В.Карпова, №18 орта мектептен И.Н.Гуловаға, №26 орта мектебінен Е.Д.Алексеева,  3 орын - №27 орта мектебінен Нурсолтанова К.К., №47 орта мектебінен А.Б.Кызырбекова, № 9 орта мектебінен С.Е.Быковаға берілді.

Сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» тәрбиелеу – білім беру орталығының жұмыс қорытындысы бойынша «Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ мектеп комитеттері, ӨКТК, «Жас Ұлан» КТК, волонтер топтары марапатталды.          

Көп жылдар бойы Комитеттің барлық шараларына белсенді қатысып, түрлі республикалық, облыстық, қалалық байқауларда абыройын қорғап жүрген мектеп бітірушілері: Сарсембекұлы Рахат, Көксегенов Темирлан, Уалиева Алия, Бердибекова Акмарал, Нұрғалиев Еламан  жүрекке жылы сөздері ерекше әсерлі болды.

Осылайша, «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанатының Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Бақыт Маржан, мектеп бітірушілерге  ЖОО түсуге табыс тілеп, өмір және еңбек жолында адал жүруге, өз біліміне жүгіне отырып, жетістіктерге жетуге тілек білдірді. 

Барлық жеңімпаздарға марапаттау қағаздары, мектеп бітірушілерге – құрмет дипломдары берілді. 

Слетке қаланың 46 мектебінің өкілдері қатысты: кураторлар, ұланбасы және жасұландықтар, сондай ақ, шақырылған қонақтар. Жалпы қамту 250 адамды құрады.