Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мерекеңмен, Өскеменім!

Қала Күніне орай қала ішінде жаппай мерекелер ұйымдастырылуда. Соның ішінде білім беру мекемелері де атаулы іс-шаралардан тыс қалған емес. Ахмер орта мектебі Қала Күніне арнаулы дайындалып, мерекеге барынша ат салысты. Оқушылар 3 тілде, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде сүйікті қаласына деген сезімдерін білдіріп шығарма жазып, өлең шығарып, сурет салды. Мектепішілік концерт өткізіліп, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Футбол, волейбол, эстафеталық ойындардан өткізілген жарысқа мектеп оқушылары белсене араласты. «Өскеменім-өскен елім», «Мерекеңмен, Өскеменім!» тақырыбындағы бастауыш сыныптарда өткен сынып сағаттарының да шәкірттерді туған жерін сүюге, еліне деген патриоттық сезімге тәрбиелеудегі ролі зор болды.

Торпакова Д.К.-директордың тәрбие бойынша орынбасары