Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының «Жас ұрпақ- Мәңгілік Ел тірегі» қалалық слёті

Өткізу күні:  13.09.2019 ж.
Өткізу уақыты:  сағат 15.00

Өткізу орны: «А. Байтұрсынов ат. №20 орта мектебі» КММ (Алматы к-сі, 54)

Ұйымдастырушылары: Өскемен қаласы әкімдігінің «Білім беру бөлімі» ҚБ, мектептердің республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қалалық комитеті.

Жоспарлаған қатысушылар саны – 150 адам.

Слеттің мақсаты – қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, аса өнегелі, жауапты, бастамашыл  және әлеуметтік құзырлы азаматтарды және патриоттарды қалыптастыру.

Бұл шараға қаланың «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының 46 командасы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінен шақырылған мамандар қатысады.

Слетте үздік мектеп клубтары мен қала оқушыларының арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарының нәтижесі көрсетілетін болады.

Іс-шара басталар алдында қатысушылар мен шақырылған қонақтар «Жас Ұлан» ББЖҰ ҚБ қалалық комитетінің ресми парақшасында Слеттің тікелей трансляциясына қатыса алады.

Слет қорытындысы бойынша 2018-2019 оқу жылының үздік клубтары мен жетекшілерінің есімдері аталады. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелеріне слет қонақтары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері салтанатты жағдайда грамоталар және алғыс хаттар табыстайды.

Қосымша ақпаратты  мына телефон бойынша алуға болады: 8-72-32-268906