Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Мектепке жол"

3 шілде мен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол"  дәстүрлі жалпыреспубликалық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындыққа материалды және өзге де көмектер көрсету. 

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ қаламыздың барлық азаматтарына, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға атсалысып, өмірдің ауыр жағдайындағы балалар мен отбасыларға көмек көрсетуде қолдан келер үлестерін қосуға шақырады. 

Акцияға қосыламын деп тілек білдірушілерге  8/7232/241191
телефонына  хабарласуларын сұраймыз. 

Барлықтарыңызды акцияға белсене қатысуға шақырамыз!