Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

2019 жылдың 28,29-мамыр күндері Өскемен қаласы әкімдігінің «№1 «Балапан  балабақша-бөбекжайында» «Қош бол, балабақшам» атты мерекелік ертеңгіліктер ұйымдастырылды.

Ертеңгіліктер түлектердің салтанатты түрде музыка залына кіруден басталды. 

Балалар балабақша туралы өлеңдер оқып, алуан түрлі билер орындады.

Ертеңгілік балаларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Балабақша директоры М.М. Каниева балаларды мерекелерімен құттықтап, балабақшаны аяқтау туралы дипломдарын табыстады. 

Ата-аналар тарапынан тәрбиешілерге, балабақша ұжымына алғыстар айтылды.

Мерекенің соңы балалардың аспанға шар ұшыруымен аяқталды.