Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын қалыптастыру негізі»  жалпыұлттық ата-аналар жиналысын өткізу туралы ақпарат 2019 жыл  15 мамыр

15.05.2019  ж.  «Рухани жаңғыру»  қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында   Өскемен қаласы әкімдігінің «№30 жалпы білім беретін мектебі»КММ  жалпы мектептің ата – аналар жиналысы өткізілді.   

Қатысқандар: 0-11 сыныптардың  ата –аналар комитетінің  88 өкілі,  мектептің Қамқоршылық  кеңесінің  5 мүшесі, әкімшілік және мектептің  мұғалімдері.

Ата –аналар жиналысының күн тәртібі:

1) Өскелең ұрпақты  тәрбиелеудегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рөлі

2) Отбасы құндылықтары және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту. Балалардың отбасындағы қауіпсізідігі.

3) Ата-аналардың мектептің қоғамдық өміріне қатысуы: Қамқоршылық кеңесінің және мектептің ата-аналар комитетінің қызметі.

4) «Жыл жетістіктері»: республикалық білім беру жүйесінің жетістіктері, мектептің оқу жылының қорытындысы.

5) 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау.

6) Оқушыларды қорытынды аттестацияға және ҰБТ-ға дайындау шеңберінде психологиялық көмек.

7) Сұрақтар мен жауаптар.  

Мектеп директоры  Акказина А.С.  республиканың білім беру жүйесінің жетістіктерін, мектептің оқу жылының қорытындыларын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға мектептің қатысу аспектілерін баяндады.

Тәрбиедегі отбасылық құндылықтардың рөлі, Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту қажеттілігі, мектептің әлеуметтік қызметінің жұмысы туралы директордың әлеуметтік қорғау жөніндегі орынбасары М. Ю. Первушина сөз сөйледі. Сонымен қатар, Марина Юрьевна сөз сөйлеу барысында баланың отбасындағы қауіпсіздігі мәселесіне назар аударды.

Мектептің Қамқоршылық кеңесінің және ата-аналар комитетінің жұмысын ұйымдастырумен қатысушыларды мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері Лемешко И. Г., Шманай С. В., Феклистова А. Ф., мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы  Соколова Ю. В.  таныстырды.  

9,11 сыныптарының қорытынды аттестациясын өткізу ерекшеліктерімен  ата-аналарды  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Парий Т. Н. таныстырды.  Мектеп психологтары Шиколенко Г. В., Розенберг О. Г.  ұсыныстарымен буклеттер дайындады және қорытынды аттестацияға дайындық және өткізу кезінде балаларға көмек көрсету бойынша ата-аналарға арналған тренинг өткізді. Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.