Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен қорытынды аттестаттауға даярлау

26.03.2019 жылы Өскемен қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің арасында «11- сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау» атты семинар болып өтті.

Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне Өскемен қаласы әкімдігінің «№20 А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі  мен әдебиеті мұғалімі Көкебаева Жанар  шебер-сынып көрсетті.

Семинарда:

1-бөлімде «Эссе жазу әдістемесі» тақырыбында өтті.Мұғалім өзінің тәжірибесімен бөлісе отырып, эссе жазудың ұтымды жолдарын көрсетті.

2-бөлімде қазақ тілі мен әдебиетінен және оқу сауаттылығынан ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Семинарда теориялық білім практикамен ұштасып, жоғары деңгейде өтті.