Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

2019 жылдың ақпан айында № 15 «Рахат» балабақшасында жол жүру ережелерін үйренуге арналған арнайы аймақ ұйымдастырылды. 19 наурызда ересек топтар арасында «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің  белгілерімен жүре білуге үйрету, балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу, балаларды сақтыққа тәрбиелеу. Осы шараға Шығыс Қазақстан облысының полиция департаметінің жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Бельгебаева Айгуль Болатқызы қатысып, балаларға арнайы жарықшағылыстырғыш білезіктерін әкеліп таратты.