Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық

Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастықты орындау жоспары бойынша 12.02.2019 ж. №6 "Күншуақ" балабақша-бөбекжайында "Балбөбек" ересек тобында математика пәнінен ОУД өткізілді. Сабаққа №26 және № 46 мектептерінің 1 сынып мұғалімдері шақырылды. ОЖСБ-ны өткізудің мақсаты тұтас педагогикалық процесс негізінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп балалық шағы кезеңдерінде баланы дамытудың бірыңғай желісін іске асыру болып табылады. Тәрбиеші Әнуарбекқызы Арайлым қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бойынша  «Ертегілер елінде ғажайып математика» тақырыбында сабақ көрсетті. Қонақтар тәрбиешілермен бірге балабақшадағы және мектептегі тәрбие мен оқыту процестерінің ерекшеліктерін талқылады. Олар тәрбиелік-оқу процесінде тәрбиешілердің шеберлігін, кәсібилігін және шығармашылық тәсілін атап өтті.