Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Сюжеттік-рөлдік ойын" тақырыбындағы семинар

2019 жылдың 11 ақпан күні №7 «Радуга» балабақша-бөбекжайында "Дарындылар" шығармашылық тобы ұйымдастырған сюжеттік-рөлдік ойын" тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинар ашық музыкалық кеш, іскерлік ойын түрінде өтті. Семинарға қатысу барысында әрбір педагог сюжеттік-рөлдік ойын ұйымдастыру кезінде өз білім деңгейін арттыра алды, сонымен қатар сюжеттік-рөлдік ойындарды жетекшілік ету әдістері мен тәсілдері туралы өз түсініктерін кеңейтеді, педагогикалық жағдайлардан шығу жолдарын табады.