Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қар қалашығы: «Қызықты ертегі  әлемі»

Өскемен  қаласы әкімдігінің «Ақ бота» балабақша - бөбекжайында балабақша ата-аналарымен педагогтар бірлесіп қардан  «Қызықты ертегі әлемі» атты қар қалашығын жасап берді. Балалар үшін қардан жасалған  ертегі  кейіпкерлері өте  қызықты болды. Қар қалашығын  жасауға белсене қатысқан  топтар  мақтау қағаздарымен марапатталды.