Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Шығыс Балдырған» балабақшасының «Менің Отаным Қазақстан» атты қар қалашығы

«Шығыс Балдырған» ЖШС тәрбиешілері мен ата-аналары бірлесіп бүлдіршіндерге «Менің Отаным Қазақстан» атты қар қалашығын жасап берді. Қазақтың ұлттық аспаптары домбыра мен қобыз, ұлттық ыдыстары кесе мен торсық, киіз үйі мен тақия киген бауырсағы балаларға ерекше қуаныш сыйлап, балабақша ауласын көркейте түсті.