Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

9-11 сынып қыздар арасында волейболдан  жарыс өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде өмірлік табыс үшін, ең алдымен, отбасылық игіліктің және кәсіби жетістіктердің кепілі болып табылатын мықты денсаулыққа ие болу қажеттігін атап өтті.

2019 жылдың 30 қаңтары мен 2 ақпан аралығында Ұлттық Мектеп лигасы аясында 9 - 11 сынып қыздары волейболдан жарысқа қатысады.

Алдын ала командалар 6 командадан 4 топқа бөлініп, 2 үздік ұжымды анықтау үшін өзара ойнады.

31 қаңтар күні №3, 10, 12, 16, 20, 24, 26, 46 мектептерінің  8 үздік командалары  жарысқа түсті. Бірінші және келесі орындар үшін ойындар 2 ақпан күні сағат 13.00-де өтеді. Финалды өткізу орны - №12 мектептің спортзалы.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді спорттық кубоктар мен грамоталар күтіп тұр.

Жеңімпаз  команда  облыстық жарыстарда Өскемен қаласының намысын қорғайтын болады.