Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қазақстан Республикасының  Жастар жылына арналған,  іс-шараларды өткізу бойынша  Өскемен қаласы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ комитетінің жұмысын жоспарлау» атты көшбасшылар Кеңесінің отырысы өтті

2019 жылдың 11 қаңтарда Өскемен қаласы білім беру бөлімінде  «Қазақстан Республикасының Жастар жылына арналған, іс-шараны өткізу бойынша  Өскемен қаласы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ комитетінің жұмысын жоспарлау» тақырыбында  Білім  бөлімі  басшысының орынбасары Д.С.Журавлевтің  қатысуымен көшбасшылар Кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Өскемен қаласының  республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Комитетінің өкілдері  және    Комитет   кураторлары қатысты.   

Кеңес отырысының  барысында  келесі баяндамалар тыңдалды: 2017-2018 оқу жылының  «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитетінің  төрағасы  Болатов Медеу  2018-2019 оқу жылына бірінші  жарты жылдығының «Жас Ұлан» қалалық комитетінің жұмысын  баяндады. «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ  қалалық комитеті баспасөз қызметінің  жетекшісі  Уалиева  Алия  «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитетінің қызметін  баспасөз-орталығының жұмысы, әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру туралы айтып берді.  2017-2018 оқу жылының «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитетінің  төрағасы Рахат Сарсембекұлы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ «OTANSHYL - 2018»  балалар мен жастардың  республикалық   туристік-оқу форумында  комитетінің қатысуы туралы ақпараты» Қазақстан Республикасы  жастар жылына арналған  іс-шараны өткізу бойынша Өскемен қаласы  «Жас Ұлан»  ББЖҰ РҚБ комитетінің жұмысын жоспарлау  тақырыбында сөйледі.  Қалалық Комитетінің бейнеролик көрсетілді.

Білім  бөлімінің әдіскері Д.Ж.Нұрмұхамбетова  мектептердің балалар ұйымының қызметіне қатысты  алға қарай жұмысты жоспарлауды ұсынды. Отырысқа қатысушылар «Жас Ұлан»  ББЖҰ РҚБ қалалық комитетінің  жоспарымен танысты,  өздеріне  аса маңызды іс-шараларды  анықтады және өз  іс-шараларын ұсынды.