Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жас ұлан» БЖҰ комитетінің фестивалі өтті

2018 ж. 26 қазанында Оқушылар шығармашылық сарайында Өскемен қаласы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ комитетінің фестивалі өтті. Фестивальде қала мектептері директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, кураторлар, Ұланбасы және қаланың 46 мектебіндегі «Жас Ұлан» өкілдері қатысты. Фестивальдің ұйымдастырушылары Өскемен қаласының Білім бөлімі, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК, Өскемен қаласының «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ комитеті.
Шараға шақырылған қонақтар ретінде ШҚО және қаланың Білім басқармасы мамандары, Өскемен қаласы және ШҚО Жастар ресурс орталығының мамандары қатысты.
Дәстүр бойынша 2017-2018 оқу жылында «Жас Ұлан» қалалық комитетінің төрағасы болған Сәрсембекұлы Рахат өз өкілетін 2018-2019 оқу жылына комитет төрағасы Медеу Болатовқа берді.
Фестивальдің ең маңызды сәттерінің бірі жаңадан таңдап алынған қала мектептерінің Ұланбасымен танысу рәсімі болып табылады, оларға жеке бэйджиктер мен оқу жылына жоспарланған мерекелер көрсетілген бағыттық парақтар тапсырылды.