Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Күзгі демалыс күндерінде іс-шаралар туралы

2018 жылғы 29 қазан мен 04 қараша аралығында демалыс күндерінде Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» КММ балаларды тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне таныстыру және оқыту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға № 1,19,39,36,11,35 орта мектептерінің 6-7 сынып оқушылары жалпы санымен 99 бала қатысты.

29.10.2018 ж. ЖҚМ педагогтарының жетекшілігімен балалар тобы «Апаттар медицинасы орталығына» барып, осы бөлімше дәрігерлерінің қиын жұмыстарымен танысты. Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша «Апаттар медицинасы орталығы» дәрігерлерінен мастер-класс балалардың қызығушылығын тудырды. ЖҚМ тәрбиеленушілерін тыныстың тоқтауы, есінен танып қалу және сыну кезінде көмек көрсету, қалай әрекет ету керектігін үйретеді. ЖКО нәтижесінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және медициналық эвакуациялауды жүзеге асыру мәселелері қозғалды.

30 қазанда Өскемен қаласының Орталық құтқару станциясында қызықты экскурсия өтті. Станцияда балалар суда құтқару әдістерімен тәжірибе жүзінде танысты, құтқару қайықтарын басқару дағдыларын меңгерді, құтқарушылардың жабдықтарымен танысты, сондай-ақ судағы қауіпсіздік шаралары туралы оқу фильмін көрді.

1 қарашада балалармен Өскемен қаласының № 1 өрт сөндіру бөлімінде және ШҚО өртке қарсы қызмет мұражайына экскурсия өткізілді. Мұражайда балалар өрт күзетінің тарихымен, заманауи өрт сөндіру құралдарымен, өрт сөндірушілердің ерліктерімен танысты. Өрт сөндіру бөлімінде балалар гараж бокстарында болып, өрт сөндіру көлігінің жүргізушінің орнына отырып қызықтады. Өрт сөндірушілер балаларға жауынгерлік киімін жылдам киіп көрсетіп, шеберлік сыныбын көрсетті. Сондай-ақ өрт сөндірушілер өрт-техникалық қару-жарақты көрсетіп, оны қалай қолдану керектігін түсіндірді.

Өткізілген іс-шаралардың арқасында балалар ТЖ кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы көп мәлімет алды.

2-ші қараша күні Ұлы Отан соғысының батыры, жерлесіміз Ф. И. Антроповқа арналған митингісіне қатысты.

3 қарашада ЖҚМ тәрбиеленушілері ШҚО ТЖД Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағында болып, арнайы техниканы көрді, арнайы жабдықтармен, ТЖ кезінде түрлі жағдайларда қалай пайдалану керектігі туралы танысты. Кинологиялық қызмет қызметкерлері қызметтік иттердің жұмысын, қалай жұмыс істеуді, ТЖ кезінде адамдарды іздестіру кезінде иттерге қандай тапсырмалар беретіндерін көрсетті ( жер сілкінісі,үйінділер және т.б.).

ЖҚМ тәрбиеленушілеріне каникулдар өте танымды, қызықты және пайдалы өтті.