Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Оқыту мен оқудағы өзгерістердің мониторингі және бағамдауы» атты директорларға арналған семинар

2018 жылдың 26 қазан күні Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебі» КММ-де «Оқыту мен оқудағы өзгерістердің мониторингі және бағамдауы» тақырыбында директорларға арналған семинар ұйымдастырылды. Семинарда мектептегі білім мен тәрбие берудің ұйымдастырылуы, оқыту үдерісінен туындаған мәселелер  бойынша сұрақтар тәжірибе түрінде көрсетілді. Олар: директордың мектепті дамыту жоспарының жүзеге асырылуы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының өткізген шеберлік сыныптары, мұғалімдердің ашық сабақтары.