Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Семинар

«Шағын орталық тәрбиешілерінің кәсіби қызметінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар

2018 жылғы 26-қазан күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ шағын орталығында шағын орталық тәрбиешілері мен біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына арналған «Шағын орталық тәрбиешілерінің кәсіби қызметінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтіп, педагогтар іс-тәжірибесімен алмасты. Семинарға облыс көлеміндегі балабақша мен шағын орталықтарда жұмыс істейтін 23 тәрбиеші қатысты.

Семинар «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті...» тақырыбындағы психологиялық тренингпен басталып, «Шалқан» ертегісі атты ұйымдастырылған оқу қызметімен және  «Келді міне, Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгелікпен жалғасты. Семинар соңында кері байланыс жасалынып, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісті.