Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Үздік информатика пәні мұғалімі» атты облыстық байқаудың қалалық кезеңі

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес  2018 жылдың 12 қазанында Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп–лицейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұстазым мақтанышым» кіші жобасы аясында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік информатика пәні мұғалімі» атты облыстық байқаудың қалалық кезеңі өтті.

Мақсаты: информатика пәнінің шығармашыл мұғалімдерін анықтау, ынталандыру және қолдау, информатика пәні мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату және Өскемен қаласының мектептерінде информатика пәнін оқыту сапасын арттыру.

 Қалалық конкурс үш кезенде өткізілді:

1. «Мен табысты ұстазбын» - интерактивті таныстырылым, оқушылардың жетістіктері 

2.     Модельді құрастыру: «Робот макетін құрастырудың тиімді жолдары» - тәжірибелік жұмыс. 

3.     «Менің инновациялық жобам»: авторлық тұжырымдаманы қорғау, авторлық бағдарламалар мен жобалар, әдістемелер, информатика пәнін оқытудағы технологиялар және т.б. 

 Қорытындысы:

« Гран-при» -  Тұрсақ  Ершат,  «№ 15 орта мектебі» КММ;

1 орын - Апасова Екатерина Ивановна,   «№ 24 орта мектебі» КММ;

2 орын - Мырзахметова Назерке Нұрланқызы  «О. Бокея атындағы  № 44 лицейі» КММ,   Умытканова Назерке Умытканкызы,   «№ 7 орта мектебі» КММ»;

3 орын - Кусманова Лаура Муслимовна,   «№ 47 орта мектебі» КММ,  Ералы Альфия Мұратқызы, «№ 39 орта мектебі» КММ,  Рахымжанова Қарақат Базарханқызы, «О. Бокея атындағы  № 44 лицейі» КММ .

Номинация «Үздік инновациялық жоба» - Магауянова Жазира Алтынбековна, «№ 5 орта мектебі» КММ,  «Лучший инновационный проект»  - Исина Айжан Камелхановна,   «№ 45 орта мектебі» КММ.