Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Отты бірге тоқтатайық» атты балалар суретінің байқауы өтті

Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні қарсаңында Өскемен қаласының мектептері мен жас құтқарушылар сыныптары арасында «Отты бірге тоқтатайық» атты плакаттар сайысы өтті. Ұйымдастырушылар Өскемен қ.ТЖБ және Өскемен қ. әкімдігінің «№ 29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығының мамандары болды.

Байқаудың міндеттері ұжымдық-шығармашылық істер арқылы қауіпсіздік шаралары мен ережелерін кеңінен насихаттау және зерделеу, кәмелетке толмағандардың отпен абайсыз болу себебінен өрттердің алдын алу, өртке қарсы насихатты күшейту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Бір ай бойы балалар қарындаш, пастель, акварель, гуашь, сәндік материалдарды пайдалана отырып өз жұмыстарын дайындап әкеліп отырды. Байқауға барлығы 70-тен астам жұмыс ұсынылды.

ТЖ қызметінің мамандарынан тұратын қазылар алқасы сурет тақырыптарын толық ашылуын, өзіндік ерекшелігін, көркемдік орындалуын бағалады.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірнеше жұмыс жеңімпаз атанды: №36 мектеп оқушылары, өрт қауіпсіздігі бойынша ең креативті плакатты бейнелеген, №19 және №16, №1 мектептердің оқушылары қазылар алқасына ең көп қызықты жұмыстарды ұсынды, сонымен қатар мектеп жеңімпаздары арасында №37,№35,№39, №26 және №11 мектеп оқушылары болды.

Ең үздік плакаттар алдын алу рейдтерін жүргізу кезінде құтқарушылар қолданатын халыққа арналған жадынамалар жасау жобаларына айналады.

Байқауға қатысушылардың ішіндегі жеңімпаз атанғандар естелік грамоталар мен сыйлықтарға ие болды.