Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Далада өткен тәжірибелік сабаққа қатысу

28.09.2018 жылы «Жас құтқарушы» орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласы әкімдігінің «№4 орта мектебі» КММ Кадет Корпусының 7 «К» және 6 «К» сынып оқушылары (44бала) үшін «Қазақстан» тауына бір күндік далалық тәжірибелік сабаққа шығуы өтті(«Жас құтқарушы» үйірмесінің жетекшісі Исанов Е. Д.). Бұл іс-шарада: (АК толық бөлшектеу, жинау, оқ ату, гранат лақтыру, жергілікті жерді бағдарлау-әскери топография, алғашқы медициналық көмек көрсету және т. б.) тәжірибелік сабақ жүргізілді.
Осындай табиғаттағы практикалық сабақтар өте қызықты және шын мәнінде балаларды қызықтырады, сондай-ақ балалардың табиғи ортада мінез-құлқын қалыптастыру ерекшеліктерін ашуға, өмір сүруге үйретуге, табиғатпен барынша жақындасуға қол жеткізуге, жаттығу кезінде дәрістерде алған теориялық және сынып сабақтарында алған білімдерін қаншалықты берік бекітілгенін көрсетуге көмектеседі.