Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Балабақша – гүлгенден бақ» жобасы

Өскемен қаласы әкімдігінің «№3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК «Балабақша – гүлгенден бақ» әлеуметтік жобасының қорытындысын шығарды.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2018 жылғы ақпан – қыркүйек айларына жоспарланған.
Жоба үнемі серуен және ойын алаңы ретінде пайдаланылатын балабақша аумағын балалардың, ата-аналардың және педагогтардың бірлескен жұмысы арқылы көгалдандыру мен безендіруге арналған
Жобаның мақсаты: Балабақша аумағын бірлесе көгалдандыру арқылы балаларға экологиялық тәрбие беру.
Ең көп мөлшерде сапалы екпе көшеттер санын өсірген, балабақшадағы алаңдары мен гүлзарларды безендіруде шығармашылық танытқан «Смешарики» және «Еркетай» топтары зообаққа топсаяхатқа барумен марапатталады. Топсаяхат танымды әрі көңілді өтті.