Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Алтын Дән» балабақшасындағы «Өмірлік қажетті білім» атты өткізілген іс-шаралар

Өскемен қаласының Жас құтқарушылар мектебі ұстаздары мен ТЖ басқармасының мамандары "Алтын Дән" балабақшасында сабақ өткізді" Өрт қауіпсіздігі айлығының шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балалар орналасқан объектілерге ерекше көңіл бөлінеді. Жас құтқарушылар мектебінің ұстаздары мен Өскемен қ. ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салып, объектідегі алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы мен бар-жоғына, өрт крандарының жай-күйіне және өртке қарсы сумен жабдықтау жағдайына, автоматты өрт сигнализациясы жүйесінің жұмысқа қабілеттілігіне назар аударды. Басшылық пен персонал қызметкерлерімен алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану және өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша сабақтар өткізілді. Іс-шара аяқталған соң оқыту фильмі көрсетіліп, үгіт жарнамалары таратылды.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың белгілі бір ерекшеліктері бар және қарапайым балаларға қарағанда өзге тәсілді талап етеді. Сондықтан қауіпсіздік нұсқамаларын балабақша қызметкерлерімен жүргізу өте маңызды. Сабақтар өрт қауіпсіздігі саласында жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді, жеке әңгімелесу кезінде объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау кезінде кемшіліктер анықталып, оларды жою жолдары көрсетіледі".