Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қауіпсіздік мектебі-2018» екінші аймақтық кездесуіне қатыстуы туралы

2018 жылдың 26 мен 28 қыркүйегі аралығында «Дарын» балалар сауықтыру лагері базасында «Қауіпсіздік мектебі 2018» екінші облыстық слет өткізілді. «ҚБМО№29» КММ «Жас құтқарушы» орталығының мамандары өткен жылдағыдай жарысты дайындау және өткізу жөніндегі жарыстар ұйым комитеті мүшелер қатарына кірді.

Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының 14 қаласы мен аудандарынан 98 бала қатысты.

«Жас құтқарушы» орталығының бастамасы бойынша жарыс кезеңдері күрделенді. «Визит карточкасы», «Өрт сөндіру эстафетасы», «Спортландия» және «Алғашқы медициналық көмек көрсету» дәстүрлі кезеңдерінен басқа жарыс бағдарламасы «Кедергілердің құтқару жолағы» күрделі кезеңімен және «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері сұрақтары бойынша жан-жақты білушілік» байқауымен кеңейді.

Осылайша, командалар алдындағы міндеттер тізімі жан-жақты болды. Жарыс барысында командаларға өрт сөндіру эстафетасының қиын кезеңдерінде, кедергілердің жолақтары мен Спорландияда дене шынықтыру дайындығы жағынан өзін көрсете білу, тіршілік қауіпсіздігі және алғашқы медициналық көмек мәселелерінде теориялық білімдерін көрсету, сонымен қатар визит карточкасында дарынды қабілеттерін көрсету болды.

Зайсан ауданының оқушылары үздік үштікті толықтырды. Үржар ауданының командасы күміс жүлдегері атанды. Көкпекті ауданының командасы облыстық слетте 1 орынға ие болды.

Жеке марапатпен командалар номинациялар бойынша марапатталды:

«Визиттік карточка» - Зырян ауданының балалар жеңімпаздары.

«Алғашқы медициналық көмек көрсету» - Өскемен қаласының командасы.

«Өрт сөндіру эстафетасы» - үздік уақытты, Абай ауданының балалары көрсетті. Жарма ауданының балалары «кедергілер белдеуі» - бәрінен де жақсы нәтиже көрсетті. «Спортландия» - Ұлан ауданының командасы.

Жарыс финалистеріне грамоталар, кубоктар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Қауіпсіздік мектебі» қозғалысы барлық облыс бойынша оқушыларды біріктіреді және балаларға құтқару шеберлігін үйренуге мүмкіндік береді. Бұл тек спорт және бәсекелестік ғана емес, сонымен қатар қиындықтар кезінде балаға қолдана алатын практикалық білім.