Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«ENGLISH FOR ALL» атты клубының ашылуы

«Үштілділікке көшу» аясында бүгін, яғни 18.09.2018 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ ағылшын тілін үйрету мақсатындағы «ENGLISH FOR ALL» атты клубының ашылуы өтті.

Клубты ашудағы мақсаты:  Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлының «Тілдердің үштұғырлығы» атты  мәдени жобасының негізінде.

Мектепте ағылшын тілін  үйренуге 7 топ ашылды. Оның үшеуі оқушыларға, екі топ мұғалімдерге және екі топ мектеп ата-аналарына арналады. Клубтың ұйымдасып жұмыс жүргізуіне ағылшын тілі пәні мұғалімдері жауапты.  

Тіл үйрену клубының мақсаты: сөздік қорды байыта отыра айтылым немесе сөйлесім дағдыларын дамытуға  жұмыс істеу.   Алдағы сабақтарға арнайы жоспар құрылып бекітілді. Күтілетін нәтижеге жұмыс істеледі.

Ахмер орта мектебінің директоры Кадирова Айгуль Чуленбаевна бастама жайлы өз пікірін білдіріп, қатысушыларға сәттілік пен табыс тіледі.

Сонымен қатар,  клубымыздың ашылуына  қалалық білім бөлімінің әдіскерлері Скакова З.С., Жондыбаева М.С., Айкенова Д.Т. келіп, өздерінің клубқа деген көзқарастарын білдірді.

Үштілдікті ту еткен мектеп оқушылары ән жырларын  қонақтарға тарту етті.