Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мен білетін тілдер...»

Қалалық білім беру бөлімінің «Тіл шеруі» айлығы жоспарына сәйкес Өскемен қаласы әкімдігінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ-нің шағын орталығында «Мен білетін тілдер...» тақырыбында көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді. Байқауға 4-5 жас аралығында тәрбиеленушілер қатысты. Қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңді мәнерлеп, жатқа айтты. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен марапатталды. Байқау өз деңгейінде өтті.