Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

 «Алтын белгі» төсбелгі иегерлерін салтанатты марапатау рәсімі

2018 жылдың 15 маусым күні Ертіс концертте «Алтын белгі» төсбелгі иегерлерін салтанатты марапатау рәсімі өткізілді.

Іс-шараға ШҚО әкімінің орынбасары А.Б. Нүсіпова, ШҚО Білім басқармасы басшысының м.а. С. А. Жумадилова, Өскемен қаласы әкімінің м.а. О.А. Булавкина қатысты.  

Биылғы жылғы түлектердің ересек өмірге аяқ басуы Астана қаласының 20 жылдық мерей тойымен тұспа-тұс келіп отыр.  Салтанатты рәсімде облыс және қала мектептерінің ең лайықты түлектерінің жетістіктері атап өтілді.  140 түлекке үздік аттестат және «Алтын белгі» төс белгісін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Б. Нүсіпова табыстады. Шара барысында қалалық  шығармашылық ұжымдар мен балалар музыка және өнер мектептерінің өнерпаздары өнер көрсетті. Балалар арман ойлап, шарларды аспанға ұшырды. Шара жастар флешмобына ауысқан вальспен аяқталды.