Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

ҰБТ 2018  қорытындысы

2017-2018 жылы қаланың 50 мектептерінде (46 – күндізгі мемлекеттік, 2-жекеше және 2 кешкі) 1677 түлек бар. Мектепте қорытынды аттестаттауды 1407 түлек немесе  83,9 % тапсырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға жоғары. ШҚО Білім басқармасының бұйрығымен 264 түлек денсаулық жағдайы бойынша және 2-уі халықаралық спорт жарыстарына қатысуы бойынша босатылды, барлығы 266 түлек 15,9%, былтырғы жылы босатылғандар санынан 1,1 %-ға төмен.   

Тағы 4 түлек денсаулық жағдайына байланысты емтиханға келмеген (олар алдағы емтихандардан да босатылды, растау анықтамасы бар).

«Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлер - 116 (былтырғы жылмен салыстырғанда 31-түлекке көп), «Үздік» аттестатына үміткер – 67, былтырғы жылдан 3 түлекке көп. Қорытынды аттестаттаудан кейін барлық «Алтын белгі»  аттестатының 116 үміткері және «Үздік» аттестатының 67 үміткері өз білімдерін растады.       

Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған түлектер өткен жылдағыдай болған жоқ.          

Жоғары оқу орындарына түсуге арналған ҰБТ 2018 жылдың 21, 23 және 25

маусым күндері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ҰБТӨП пункттерінің негізінде үш лекпен өткізілді. ҰБТ рәсімінен өтуге өтініш берген 1291түлектің 1168-і немесе 90,5% қатысты.

Білім беру ұйымдарындағы барлық түлектер саны 1677 (2017 ж -1472), оның ішінде күндізгі  оқытуда 1617 түлек. 2018 жылдың 21-25 маусым аралығында ҰБТ –ға 1168 түлек қатысты, күндізгі оқытудың жалпы түлектер санынан қатысу пайызы 72,3% құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 7,3 %-ға жоғары. Қала бойынша орташа балл 87,4 баллды құрады, көрсеткіш 0,3 баллға жақсарған. Бұл облыстық көрсеткіштен 3,6 баллға көп.  «Алтын белгі» төсбелгісіне 116 иегердің 97-і немесе 83,6% қатысты, бұл 2017 жылға қарағанда 7,1 %-ға көп. Олардың ішінде 60 түлек 100 және одан жоғары балл жинады, 2017 жылы 49 түлек болған.