Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мектеп жанындағы лагерлердің «Отанымның жүрегі - Астана» атты фестиваль

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру саласындағы инновациялық қызметті қолдау мақсатында  2018 жылдың 8 маусым күні Оқушылар шығармашылық сарайында Мектеп жанындағы лагерлердің «Отанымның жүрегі - Астана» атты фестиваль өткізілді. Оған № 1, 2, 4, 19, 23, 29, 34, 36, 38, 42, 44, 45, 47 мектептердің, Ахмер ом, Меновное орта мектебінің 15 жазғы лагерлері қатысты.

Айта кететін жайт, фестиваль бас қаламыз Астананың 20 жылдығына орай өткізілген, сондықтан бұл  еліміз үшін маңызды оқиға.

Мектеп жанындағы лагерлер фестивалі екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар «Отанымның жүрегі - Астана» тақырыбында қағаздан, матадан, өсімдік және басқа да материалдан өз қолдарымен жасаған аппликацияларын ұсынды.

Екінші кезеңде балалар мен мұғалімдер командасы қызықты әрі шығармашылық үлгіде (ән, би, театрландырылған қойылым, бейнеролик және т.б.)  бас қаламыз Астананың 20 жылдығына арналған құттықтау ашық хатын сахнада ұсынды.

Қазылар алқасының құрамында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру басқармасының және облыстық қосымша білім беру орталығының әдіскері А.И. Симоненко, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері С.К.Рысбекова, қосымша білім білім беру мұғалімі, «Вest» хореографиялық ұжымының жетекшісі Д.Ю. Богатырева, Оқушылар шығармашылық сарайының әдіскері Э.Т.Сатпаева, «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитеті төрағасының орынбасары Алия Уалиева қатысты.

Фестивальдің екі кезең қорытындысы бойынша бас жүлдені № 44 лицейінің мектеп жанындағы лагері иеленді, І орын Ахмер ом, № 47 ом, № 45ом алды, ІІ орын – Меновное ом, № 36 ом, № 34 мл, ІІІ орын -№ 42 ом, № 19 ҚБМО, № 1 орта мектебіне бұйырды.

Сондай-ақ, «Ең көңілді жасақ» (№ 2 ом), «Ең тату жасақ» (№ 4 ом), «Ең белсенді жасақ» (№ 23 ом), «Ең шығармашыл жасақ» (№ 38 гим.) аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға мақтау қағазы берілді, ал жағымды әсер алған балалар өткізілген іс-шара үшін алғыстарын білдірді. Олар фестиваль үрдісінде сергек болып, көп күш жинады.