Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жаңа форматтағы ҰБТ математикалық есептерін шешу» математика  пәні мұғалімдерінің  семинар-практикум 

2018 жылдың 18 сәуірде № 15 орта мектебінде  Өскемен қаласының білім беру бөлімінің  ұйымдастырған «Жаңа форматтағы ҰБТ математикалық есептерін шешу» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинарға қалалық білім беру ұйымдарының 26 мұғалім қатысты. Семинарды математика пәні мұғалімдері К.С.Раисова, Г.Ч.Ксанова, О.Д.Штейнле, М.В.Чагайдак іс тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың жұмыс бағыттары:

·   11 сынып оқушылардың қорытынды аттестаттау бойынша математика пәнінен жазба жұмысын рәсімдеуді талдау

·   Жаңа форматтағы ҰБТ математикалық есептердің шешуін талдау

·  Математикалық сауаттылығы бойынша есептерді шешу тәсілдерін  талдау

Семинар аясында қарастырылған бағыттармен қатар педагогтер тапсырмалардың рәсімделуі мен шығару жолдарының әдіс-тәсілдерін көрсетті. Қатысқан мұғалімдердің семинарға берген пікірлері: мазмұнды, қанық, қызықты, тиімді болғанын айтып алғыс білдірді.