Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Математика және физика пәні мұғалімдерінің қалалық олимпиадасы 

Өскемен қаласы білім беру бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2018 жылдың 18-сәуір күні Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 7 орта мектебі» КММ негізінде қала мектептерінің математика және физика пәні мұғалімдерінің қалалық олимпиадасы өткізілді. 

Олимпиаданың мақсаты: білім алушыларды олимпиадалар мен байқауларға  даярлаумен айналысатын математика және физика пәні мұғалімдерін қолдау, дарындыларды анықтау, педагогтардың құзыреттілік деңгейін бағалау.

Олимпиадаға Өскемен қаласының білім беру ұйымдарында математика және физика пәнінен сабақ беретін 27 мұғалім қатысты. 

Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен келесі мұғалімдер олимпиада жеңімпаздары атанды:

Математика пәнінің мұғалімдері арасында

Бас жүлде - Степаненко Илья Вадимович, «Бриг» жеке меншік мектебі» КММ;

I орын - Куликова Анна Юрьевна, «№ 34 мектеп-лицейі» КММ;

ІІ орын - Матвеева Светлана Николаевна, «№29 ҚББМО» КММ;

Мусина Юлия Николаевна, «№ 18 орта мектебі» КММ;

ІІІ орын - Переверзева Ольга Васильевна, «№ 9 орта мектебі» КММ;

Дорморост Ирина Михайловна, " № 11 мектеп-лицейі" КММ;

Кыржибаева Асель Құл-Мұхаметқызы, «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ.

Физика пәнінің мұғалімдері арасында

I орын -  Жуков Василий Васильевич, «№ 36 орта мектебі» КММ;

ІІ орын - Котов Алексей Валерьевич, «№29 ҚББМО» КММ;

Каравайцева Любовь Петровна, «№ 15 орта мектебі» КММ;

ІІІ орын - Ысқақов Жансерік Слямбекұлы, «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ;

Нахадбай Серікбол, «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ;

Какенова Макпал Тұрсынғалиқызы, «№ 18 орта мектебі» КММ.

Білім беру бөлімі олимпиаданың барлық қатысушыларына алғыс білдіреді және мұғалімдерге шығармашылық табыс тілейді!