Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласының мектептері арасында «Жас құтқарушы» кубогы үшін жарыстардың 3 кезеңі өтті

19.04.2018 г. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖ департаментінің спорт кешенінде «Жас құтқарушы» кубогы үшін көпсайысты құтқару бойынша мектепаралық жарыстың үшінші кезеңі өтті. Бұл іс-шараға № 11, 39, 36,10 жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, бастапқы әскери дайындығы мұғалімдері, «Жас құтқарушы» орталығының жаттықтырушылары қатысты.

Бұл жарыстардың мақсаты, ең алдымен, балалардың құрдастарымен қарым-қатынас жасауды үйрету, физикалық дамытуды, төтенше жағдайларда әрекет ету, жәбірленушілерге көмек көрсету, достық сезімін нығайтуға бағытталған.

Старт басталғанға дейін топтарды №20 мектептің 6 сынып оқушысы Мұратова Назым әдемі әнімен сергітті.

Сайыс ережелеріне сәйкес, балалар өртте сөндіру-құтқару спорты бойынша, альпинизм, жарақаттанғандарды тасымалдау, эстафета жарыстарының кезеңдерін өтті. Барлық командалар жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті, олар өздерінің барлық өнерлерін, спорттық жаттығу деңгейін жоғарылатуды, күрделі маршруттарды еңсере алатынын көрсетті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша мектептер келесі орындарға ие болды:

1       орын - № 36 орта мектебі

2       орын - № 10 мектеп-гимназиясы

3       орын - № 39 орта мектебі

4       орын - № 11 мектеп-лицейі

Жеңімпаз командалар финалға шықты және 2018 жылы 11 мамырда өткізілетін финалдық мектепаралық жарыстарға қатысады.