Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді

2018 жылдың 28 наурыз күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ-де «Қала мектептерінің оқушыларына кәсіптік бағдар беру, бейіналды дайындық және бейіндік оқытудың заманауи моделін құру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.  

Іс-шарада 2015-2018 жылдарға арналған ОӨК-ның эксперименттік алаң қызметінің нәтижелері 4 бағыт бойынша қаралды:

1.      «Басқару және жоспарлау саласы».

2.     «Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, бейіналды дайындық және бейіндік оқыту бойынша білім беру қызметін ұйымдастыру саласы».

3.     «Педагог кадрларды ынталандыру саласы».

4.     «Мектепішілік бақылау саласы».

Эксперименттік алаң қызметін тиімді бағалау үшін дөңгелек үстел отырысына келесі сарапшылар шақырылды:

·        Ибраимова Д. К. – Қалалық БББ басшысының м.а.,

·        Завалко Н.А. – п.ғ.д., ШҚМУ оқытушысы,

·        Сахариева С.Г. – п.ғ.к., ШҚМУ оқытушысы,

·        Мензюк Г.А. – з.ғ.к., ҚАЕУ «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің деканы,

·        Жапарова Татьяна Касымтаевна, ҚАЕУ маркетинг және қабылдау бөлімінің бастығы,

·        Смаилова Ж.У., ШҚМУ психологы,

·        Сорокина Алена Валерьевна –ФЭК директорының кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі орынбасары,

·        Королева Елена Александровна – № 11 МЛ. директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.

«Қала мектептерінің оқушыларына кәсіптік бағдар беру, бейіналды дайындық және бейінді оқытудың заманауи моделін құру» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысының жұмыс барысында қатысушылар мен сарапшылар Өскемен қаласы әкімдігінің " Оқу-өндірістік комбинаты" КММ жанындағы Кәсіптік бағдарлау орталығын құру ОӨК-нің эксперименттік жұмысының жалғасы болуы тиіс деген бір шешімге келді.