Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Сертификатталған директорлардың семинары өтті

2018 жылдың 13 сәуірінде Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 12 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Даму тобы – бірлескен қызмет тиімділігінің факторы ретінде» тақырыбында сертификатталған директорлардың семинары өтті. Семинар шеңберінде «Топтық жұмыс «+» және «-»» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, мектептің өзін-өзі басқару органы өз жұмысымен таныстырды. Бірінші деңгейлі мұғалім Н.В. Даниловамен «Lesson Study үдерісін енгізу бойынша тиімді топтық жұмысты қалай ұйымдастыру керек?» шеберлік сыныбы өткізілді.
Семинар топ құру тренингтерін пайдаланумен өткізілді. Қатысушылар, топта жұмыс істей отыра: «даму тобы», «команда», «белгіленген көшбасшылық» сияқты ұғымдарды еске түсірді.