Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«МДБМ-де психологиялық жайлылық жасау» қалалық семинар – практикумын өткізу

2018 жылдың 10-сәуір күні №10 «Колокольчик» балабақша – бөбекжайында «МДБМ-де психологиялық жайлылық жасау» тақырыбында семинар – практикум өткізілді.
Семинар – практикум барысында аталған тақырыптың теориялық және практикалык аспектілері айтылды.
Педагогтар балабақшада балаларға психологиялық жайлылық жасау туралы ақпарат алды. Педагогтармен бірлесіп «Жайлылық» сөзінің мағынасы, балабақшада балалардың эмоционалдық әл – ауқатын және психологиялық ахуалын бағалаудың диагностикалық құралдары қаралды.
Практикалық бөлім барысында мұғалімдердің назарына психологиялық ойындар және жаттығулар ұсынылды, оны топта жағымды эмоционалдық жағдай жасау мақсатында пайдалануға болады. Педагог-психолог О.В. Шевченкомен жаттығулар жиынтығы ұсынылды.
Балабақшаға балалардың психологиялық жайлылықпен келу жағдайын жасау жұмысына арналған қосымша материал таратылған. Ең соңында қатысушылар өткізілген семинардың маңыздылығын атап өтті.