Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Cеминар

«Білім беру ортасында кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын – алу жұмыстары» тақырыбындағы жас педагогтарға арналған семинар

Өскемен қаласының білім беру бөлімі мен Отбасын және балалықты қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12 қаңтар күні Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде «Білім беру ортасында жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын – алу бойынша өткізілетін жұмыстар» тақырыбында семинар өткізілді.

Әлеуметтік – психологиялық қызмет, тұлғаны дамыту және тәрбиелеу бөлімінің басшысы Д.Ж.Нурмухамбетова ұсынған семинар тақыры уақытылы және өзекті. Қазақстанда «суицид» тақырыбы әлеуметтік және қоғамдық денсаулық сақтау салаларында маңызды мәселе болып табылады. Білім беру мекемелерінің тәжірибелі психологтарынан құрылған «Қолдау» тобы әлеуметтік - психологиялық қызметтің жұмыс алгоритміне сәйкес білім ордасындағы суицидтің алдын – алу бойынша қажетті ақпаратпен таныстырды.

ҚР БжҒМ ұсынған суицидтің алдын – алу бағдарламасын  таныстырып, суицидтің алдын – алу бағыты бойынша өз тәжірибесімен «Отбасын және балалықты қолдау» орталығының директоры Л.П.Куземко бөлісті.

Әлеуметтік психологиялық қызмет, тұлғаны дамыту және тәрбиелеу бөлімінің әдіскері А.Д.Нугумарова 2016-2017 оқу жылындағы өз-өзіне қол жұмсаудың фактілерімен және динамикасымен таныстырды.

Жасөспірімдік ортада суицидтің алдын – алу мәселесін тәжірибелі шешуде семинар барысында алынған көлемді, толыққанды ақпарат жас педагогтардың жұмыс барысында көмектеседі.